7.07.2020, 11:27
Оқылды: 42

Қазақстанда бір күнде дәріні қымбатқа сатқан 46 адам ұсталды

Қазақстанда бір күннің ішінде ғана дәрі-дәрмекті қымбатқа сатып, пайдаға кенелмек болған 46 адам ұсталды.

DF1DA9FB-E762-49F2-8466-67149131F628

«6 шілдеден бері полицияға 46 адам жеткізілді. Олардан дәрі-дәрмектің түр-түрінің 20884 қаптамасы, нақтырақ айтқанда 2600 қаптамадан глюкоза мен ферсинол, 2200 қаптама ацетилсалицил қышқылы, 654 қаптама парацетамол тәркіленді. Яғни пайда табу мақсатындағы саудалау жағдайы тіркелуде. Осылардың бәрі де нарықта дүрбелең туғызуда», - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Алексей Цой өңірлерде дәрі-дәрмекті қымбаттата сататын алыпсатарлардың әрекетіне қалай шектеу қойылып жатқанын айтып берген болатын. Оның айтуынша, Қазақстанның барлық өңірінде әкімдіктер жанынан мониторинг топтары құрылған. Қоғамдық кеңестер мен үкіметтік емес ұйымдар да препараттар бағасын бақылау жұмысына белсене атсалысуда.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале