Өткен тәулікте 93 оқушы коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

2020 жылғы 1 қыркүйек пен 20 қараша аралығында оқушылар арасында COVID-19 жұқтырудың 1251 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 256 - кезекші сыныптарда, 895 жағдай - қашықтан оқып жатқан оқушылар арасында анықталды. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 93 оқушы анықталды, оның ішінде офлайн режимде - 23, онлайн режимде - 70 оқушы.
zhaikpress.kz