Елімізде бір тәулікте коронавирус инфекциясы тағы 1376 адамнан анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.
«Қазақстанда өткен тәулікте 1376 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 847 адам - клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы», - делінген ақпаратта. Өңірлер бойынша (жалпы/симптомсыз): Нұр-Сұлтан қаласы - 73 / 43
Алматы қаласы - 143 / 73
Шымкент қаласы - 65 / 32
Ақмола облысы - 28 / 24
Ақтөбе облысы - 22 / 2
Алматы облысы - 59 / 51
Атырау облысы - 264 / 177
Шығыс Қазақстан облысы - 135 / 69 Жамбыл облысы - 77 / 31
Батыс Қазақстан облысы - 86 / 63
Қарағанды облысы - 184 / 120
Қостанай облысы - 42 / 26
Қызылорда облысы - 31 / 15
Маңғыстау облысы - 82 / 78
Павлодар облысы - 47 / 30
Солтүстік Қазақстан облысы - 28 / 9
Түркістан облысы - 10 / 4
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 51 059, жазылып шықты - 16 928, қайтыс болды - 264 адам.
zhaikpress.kz