1.12.2025, 10:02
Оқылды: 40

Қазақстанда Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды

"Биыл 1 қаңтардан бастап күшіне енген «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы аясында елімізде Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды. Аталған платформа мемлекеттік әрі квазимемлекеттік сектордың сатыпалымдарын біріктіреді. Енді қызмет көрсетушілер бірыңғай порталдың көмегімен тендерлерге қатыса алады. Бұл бизнес процесті едәуір жеңілдетеді. Бұған дейін авторизациялау әр жүйеде бөлек жүргізіліп келген еді", - деп хабарлайды ҚР қаржы министрлігі.

_gluster_2025_11_29_ce4d73afdca0403abf7c3e28fd88de06_1280x720

Фото: www.gov.kz

Жаңа платформада мемлекеттің үлесі 50% асатын барлық мемлекеттік органның, ұлттық компаниялардың, холдингтердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен оның еншілес ұйымдарының сатыпалымдары қамтылған. Бұл сатыпалым процесінің барлық қатысушысына (реттелетін сатып алуларға қатысуға) тең мүмкіндік береді.

Тың жүйенің артықшылығы: реттелетін сатыпалымның барлық түріне біртұтас портал арқылы кіру, рәсімдердің толықтай ашық болуы, бір жүйеде сатыпалымның барлық түрін мониторингтеу және талдау, жеке кабинетте пайдаланушылардың сұранысына сай өлшемдердің жолға қойылуы.

Осы жүйенің базасында әдістер, жоспарлар, келісімшарттар, өңірлер, бюджет түрлері, есептілік әкімгері бөлінісінде жоспарланып, өткізілген сатыпалымдар бойынша ақпаратты көрсететін Талдау модулі әзірленген.

2025 жылы Бірыңғай сатып алу платформасына: білім алушыларды тамақтандыру, мемлекеттік білім беру тапсырысы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, ТМККБК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу қосылды.

Келесі жылы табиғи монополия субъектілері мен жер қойнауын пайдаланушыларды сатыпалым алаңдарының платформасына қосу жоспарланған.

Бұл амал сатыпалым рәсімдерін жеңілдетіп, біріздендіруге, сол секілді реттелетін сатыпалымдардың ашықтығын нығайтуға бағытталған.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале