25.11.2020, 19:57
Оқылды: 20

Қазақстанда цифрлық валюта пайда болуы мүмкін

Қазақстанда цифрлық валюта пайда болуы мүмкін. Қазақстан Ұлттық банкі көп елде тиімділік танытқан цифрлық валюта - Central bank digital currency-ді (CBDC) енгізу туралы мәселені зерттеуді қолға алғандарын айтады.

2020112511240897016_578761

Қазақстан Ұлттық Банкі басқа елдердің 28 орталық банкімен бірге цифрлық валюталар бойынша негізгі халықаралық зерттеу тобының жұмысына қатысады. Ұлттық Банк мамандары Халықаралық есеп айырысу банкімен және Халықаралық валюта қорымен бірлесе отырып, цифрлық валютаны реттеу тәсілдерін зерделей бастады.

Сонымен қатар Қазақстан Ұлттық Банкі Қытай Халық Республикасында, Оңтүстік-Шығыс Азияның бірқатар елінде, Канадада, Сингапурда және Еуропалық Одақта цифрлық валютаны енгізу жөніндегі пилоттық жобаларда бақылаушы болып табылады.

"Қазір әртүрлі технологиялық инфрақұрылым мен реттеу тәсілдері ескерілетін Қазақстан Республикасында цифрлық валютаны енгізудің әр түрлі сценарийіне арналған баяндама әзірленіп жатыр. Баяндама 2021 жылдың екінші жартысында жарияланады. Бұдан кейін құжат мүдделі мемлекеттік органдармен, халықаралық қаржы ұйымдарымен, нарық қатысушыларымен және сарапшылармен талқыға түсіп, содан кейін Қазақстан Республикасында орталық банктің цифрлық валютасын кезең-кезеңімен енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылады", делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Айта кетсек, CBDC технологиясы ел аумағында төлемдердің тиімділігі мен қолжетімділігін одан әрі жетілдіру үшін қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз төлемдердің артықшылықтарын біріктіруге тиіс. Бұл ретте цифрлық валюта төлем инфрақұрылымын әртараптандыруға арналған. Пилоттық кезеңнің қорытындысы бойынша CBDC Қытайда, Жапонияда, Канадада және Еуропалық Одақ елдерінде тестілеуден өтуде. CBDC ресми деңгейде енгізу жайын Ресей Федерациясы да қарастырып жатыр.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале