18.06.2020, 11:55
Оқылды: 52

Қазақстанда демалыс күндері шектеу шаралары күшейтіледі

Қазақстанда демалыс күндері – 20-21 маусым аралығында шектеу шаралары күшейтіледі. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.Ukimet

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы өтті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қарастырылған.

1.Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалалары бойынша:

-сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың, базарлардың қызметі тоқтатылады;

-қоғамдық тамақтану объектілерінің көше форматындағы ашық ауада жұмыс істеуіне әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып рұқсат етіледі;

-қоғамдық көлік жұмысы шектеледі;

-қоғамдық орындардың, саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, жағажайлардың, аквапарктердің жұмыс істеуі тоқтатылады;

-фитнес-орталықтардың қызметі тоқтатылады;

-65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.

  1. Саны 50 мың адамнан асатын елді мекендерде:

-қоғамдық орындардың: саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, аквапарктердің жұмыс істеуі тоқтатылады;

-65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.

  1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіру жабылады, ал аталған аймақтардағы адамдар – әлеуметтік қашықтықты сақтауы тиіс.

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале