2.12.2025, 15:15
Оқылды: 29

Қазақстанда екі қант зауытын салуға Cengiz Holding компаниясы 500 млн доллар инвестиция салады

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Cengiz Holding түркиялық холдингі директорлар кеңесінің мүшесі Дженгиз Шабанмен кездесті,- деп хабарлайды ауыл шаруашлығы министрлігі

_gluster_2025_12_2_38c8ef858b1f1e10afeeaaf7919055ed_1280x720
Келіссөз барысында қант саласын дамыту болашағы, инвестиция тарту және аграрлық өнімдерді терең өңдеу бағытындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Айдарбек Сапаров министрлік тарапынан импортқа тәуелділікті азайтуға және өзін-өзі қамтамасыз етуге көшуге бағытталған кешенді шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.
Қазақстанда барлығы төрт қант зауыты жұмыс істейді, олардың үшеуі жылына 870 мың тонна қант қызылшасын өңдеуге қабілетті. Алайда қантты жылдық тұтыну көлемі 500 мың тонна, ал отандық шикізаттан өндірілетін қант ішкі қажеттіліктің тек 14%-ын ғана қамтиды.

«Жаңа өңдеу қуаттарын құру және тұрақты шикізат базасын қалыптастыру — мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі. Cengiz Holding бастамасы азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған стратегиялық маңызды қадам», — деді министр.

Түрік холдингі Қазақстанда жылына 300 мың тоннаға дейін қант өндіретін екі зауыт салу мүмкіндігін қарастыруда.
Әзірге қант өндірісін дамытуға лайықты жер ретінде Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының климаттық жағдайлары, инфрақұрылымы және жер ресурстары зерделенуде.

_gluster_2025_12_2_1d6f8abfc3d80054b4af5de888f15b9f_1280x720

Дженгиз Шабанның айтуынша, жоба аясында 10 жылға 500 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция қарастырылған.
Екі зауыттың құрылысын келесі жылы бастап, оларды екі жыл ішінде іске қосу жоспарланып отыр.

Жобаны жүзеге асыру ішкі нарықты қантпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ мал азығы өнімдеріне, тамақ өнеркәсібіне арналған құрамдас бөліктер, техникалық спирт және басқа да өнімдер шығаратын қосалқы өндірістерді дамытуға жол ашады.

Тараптар жобаны жан-жақты пысықтап, жақын уақытта алдағы іс қимылды талқылауға келісті.

Кездесу қорытындысында жобаны іске асыру жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. ‎

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале