Қазақстанның тағы бірнеше өңірі коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.
17 ақпандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары "жасыл" аймаққа өтті.
Осылайша, "қызыл" аймақта: Алматы, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары қалды.
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.
"Жасыл" аймақта: Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.