30.03.2022, 15:45
Оқылды: 61

Қазақстанда еңбек нарығына қайта даярлау «фабрикалары» іске қосылады

Қазақстанда еңбек нарығындағы өзгерістерге байланысты жастарды жұмысқа орналастыруға көмектесетін жаппай қайта даярлау «фабрикаларын» ашу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220330134341712e

Қазіргі уақытта сыртқы факторлар еңбек нарығына қатты әсер етеді. Мысал ретінде бірнеше факторды келтіргім келеді. Бізде жұмыспен қамтылған халықтың 15%-ында тек қана орта білім бар. Оларға жұмысқа орналасу өте қиын. Түлектердің 40%-дан астамы өз мамандығы бойынша жұмысқа орналаспайды. Мамандық таңдау кезінде түлектердің 34%-ы мамандықты өздері таңдамайды. Кейін оқуды аяқтаған соң, әрине олар жұмысқа орналаса алмайды. Сондықтан оқушы мектептен шыққан кезде өзіне ұнаған ЖОО-ға саналы түрде түсу үшін кәсіби бағдар беру маңызды», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатқа.

Осыған байланысты Еңбек министрлігі колледждер мен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар базасында жаппай қайта даярлайтын және біліктілікті арттыратын «фабрикалар» ашуды жоспарлап отыр. Мұндай алғашқы фабрикаларды жастардың басым бөлігі шоғырланған Алматы, Шымкент қалаларында іске қосу көзделген.

«Бұл АҚШ-тың және басқа да Еуропа мен Азия елдерінің тәжірибесі, дағдарыс кезінде олар халықты тез мамандықтарға үйретті. Яғни, бұл 2-3 жылдық оқу емес, 2-3 айлық курстар, олар бойынша дағдыларды, сертификатты жедел алуға және нарыққа тез шығуға болады», - деп түсіндірді Е.Біржанов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале