29.11.2023, 12:30
Оқылды: 52

Қазақстанда эвакуация қалай басталды?

Екінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы айларында-ақ, Қазақстанға эвакуацияланған халықты тиеген эшелондар келе бастайды. Мәселен, 1941 жылдың тамыз бен желтоқсан айларында Ресейдің орталық аймақтарынан эвакуацияланған халық ерекше көп келген.

жп осень (2)

1941 жылдың есебі бойынша олардың жалпы саны 386 492 адам болса, олардың ішінде 136,5 мыңнан астамы бала болды. Эвакуацияланған халықтың тасқыны 1942 жылы да толастамады.

Респубиканың ірі қалаларында эвакуациялық пункттер жұмыс жасады. Олардың арасында өз ісін жетік білетін мамандар және көренкті ғалымдар да болды. Айталық, Донбастың атақты тракторшысы, СССР Жоғарғы Советінің депутаты Паша Ангелина өзгелер сияқты туып-өскен жерін тастап Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы Буденный МТС-іне келеді.

Ол өзінің бір сұхбатында: «Қиыр шетте жатқан қазақ ауылы Теректіде біз өз үйіміздегідей сезіндік, бізді бірге туған бауырларындай қарсы алды» деп жауап берді.

Соғыс жылдарында эвакуциямен келген халықтың үстіне майдан маңындағы өңірлер Поволжье мен Кавказдан да адамдар келіп жатты. Олардың жалпы саны 500 000 адамнан асты.

 Жалпы соғыс жылдарында Қазақстанға орталық Ресейден эвакуациямен 532,5 мың адам келсе, жоғарыдағы Поволжье мен Кавказдан келгендері қосқанда 1 миллионнан астам адамның келді деп санауға болады.

Зұлқожа Шарафутдинов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале