Шығысқазақстандық полицейлер кісінің аты-жөнін өзгерту тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тек - әр адамның өміріндегі ажырамас компонент, ол туғаннан бастап онымен бірге жүреді және оны өзгерту қажеттілігі немесе ниеті болмаса, өмір бойы бірге жүреді.
Тегінің өзгеруіне байланысты, оның ішінде неке қию немесе некені бұзу кезінде, сондай-ақ ұлттық дәстүр бойынша жеке куәлікті қолдану мерзімінің аяқталуына қарамастан ауыстыру қажет болатын жағдайлар бар.
ШҚО полиция департаменті тек өзгертуге қатысты ақыл-кеңес берді.
Тегінің өзгеруіне байланысты жеке куәлікті ресімдеу үшін тұрақты тіркелген жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығына мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгіну қажет:
- неке қию (бұзу) туралы куәлік, анықтамалық деректерін ауыстыру туралы куәлік (болған жағдайда), заңды күшіне енген сот шешімі (болған жағдайда)
- ауыстыруға жататын жеке куәлік, паспорт (бар болса)
- мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат (мемлекеттік бажды төлеуден босатылған тұлғалар растайтын құжаттарды ұсынады).
Неке қию немесе бұзу кезінде таңдалған тегі неке қию (бұзу) туралы куәліктегі жазбаға сәйкес көрсетіледі.
«Неке және отбасы туралы» кодекске сәйкес, некені қию немесе бұзу кезінде жеке куәлікті некеге тұру немесе бұзу туралы куәлікті алған сәттен бастап 30 күн ішінде ауыстыру қажет.
Қазақстан азаматы жеке куәлігін көрсетілген мерзімнен кеш ресімдеген жағдайда Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 492-бабы бойынша 7 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.