19.07.2024, 12:30
Оқылды: 67

Қазақстанда Instagram мен TikTok-тағы заңсыз лотереялармен күрес басталды

Елімізде лотереялар ойнатуға айрықша құқық лотерея операторына және оның агенттеріне беріледі. Ал заңсыз лотерея ұйымдастырғаны үшін 4 млн теңге айыппұлға дейін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бұл туралы ҚР туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев айтып берді, деп жазды ҚазАқпарат.

AD5FF7BB-9125-4AD3-BA23-A006AD707DAA

Сурет: министрліктен

«Бүгінгі таңда 16 азамат айыппұл төлеп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылық туралы 30 хаттама соттың қарауына жолданды, тағы 35 факт бойынша жауапқа тарту үшін материалдар жиналуда. Ұйымдастыру бойынша жауапқа тарту үшін материалдар жиналуда», - деді М. Төлебаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Министрлік интернет-ойынханалар мен заңсыз букмекерлік сайттарды ұйымдастырушыларды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда осындай 15 ресурстың 3 ұйымдастырушысы анықталды, оның ішінде оларға төлем жасау және эквайринг қызметтерін көрсеткен жергілікті қаржы ұйымдары да бар.

«Олар бойынша материалдар Алматы қаласы мен басқа өңірлердің экономикалық тергеу департаменттеріне жолданды», - деді спикер.

Еске сала кетсек, 8 шілдеде Мемлекет басшысы ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу бойынша жаңа заңға қол қойды. Бұл құжат 8 кодекс пен 14 заңның нормаларын қозғайтын бұрын-сонды болмаған 150 түзетуді қамтиды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале