Сонымен қатар, инвестициялық циклды толық сүйемелдеу мақсатында инвесторларды іздеуден бастап жобалардың аяқталуына дейін «инвестордың жолын» регламенттеу бойынша жұмыс жүргізілді, ол Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада (ҰЦИП) қадағаланатын болады. Бақылаушы мемлекеттік органдар тарапынан бизнеске қысымды барынша азайту тетігі енгізілді. Енді инвесторларға қатысты барлық шешімдер мен шектеу шаралары прокуратурамен келісілуге тиіс. Экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобалар үшін Fast Track немесе «жасыл дәліз» жүйесі жұмыс істейді.