29.10.2020, 16:22
Оқылды: 48

Қазақстанда инжиниринг және цифрлық трансформация орталығы құрылады

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін ретке келтіру бойынша инжиниринг және цифрлық трансформация орталығы құрылады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

088B0E2A-B47F-4474-ADD6-66DA2DE878A4

«Жалпы, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін ретке келтіру бойынша Инжиниринг және цифрлық трансформация орталығын құруды жоспарлап отырмыз. Бүгінде мемлекеттік органдарда көптеген ақпараттық жүйелер жұмыс істейді. Бұл - жақсы да емес, жаман да емес, жай ғана факт. 15 жылда біз көптеген ақпараттық жүйелерді құрдық, бұл бізге БҰҰ рейтингінде белгілі бір жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді. БҰҰ электронды үкіметті дамыту рейтингінде біз үздік отыздыққа кіреміз», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бірақ министр белгілі бір тексеру жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті. «Кей жүйелер ескірген, қолданыстан шыққан немесе пайдаланушылардың қазіргі талаптарына сәйкес келмейді деген пікірлер бар. Сондықтан біз осы орталықты құрып, мемлекеттік органдардағы белгілі бір ақпараттық жүйелерді құратын компанияларға ықпал ету үшін министрлік пен «Зерде» холдингінің рөлін күшейтеміз. Бұл нақты не береді? Біз цифрландыруға енер алдында барлық бизнес процестерді нақты жазып шығамыз. Барлық цифрландыру процестеріне сәйкес келетін бірыңғай заманауи IT архитектурасы мен келісімі болады», - деп түсіндірді Бағдат Мусин.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале