Астанада ірімшіктің орташа бағасы 4880 теңгені құрады, Алматыда бір килограмм ірімшік үшін 4700 теңге, ал Таразда 4782 теңге жұмсау керек.
Қонаев қаласында ел бойынша ең арзан ірімшік сатылады, оның бағасы орташа есеппен 3153 теңгені құрады.
Бюроның мәліметінше, 8 ай ішінде Қазақстанда 24 409,9 тонна ірімшік пен сүзбе өндірілген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,3%-ға аз.
Бұл ретте қазақстандық ірімшік пен сүзбе негізінен ТМД елдеріне (Ресей, Армения, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан), сондай-ақ Корея мен Моңғолияға экспортталады.
Ірімшік импортының негізгі көлемі Ресейден, Беларусьтен, Украинадан, Латвиядан және Ираннан келеді.