Сонымен қатар ол Қазақстандағы жел энергетикасы үшін компоненттер нарығы бүгінгі таңда импортқа толықтай тәуелді деп отыр. Оның пікірінше, өндірісті ауыздықтау мен инвесторлар тарту үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік бар.
Екінші басты бағыт – минералды ресурстар өндіру мен өңдеу секторы болып отыр. Қазақстан хром, марганец, мыс, темір мен өзге де пайдалы қазбалардың бай қорына ие екені белгілі.
- Аккумулятор, электроника мен электромобильдер өндірісінде қолданылатын сирек жер металдарына әлемдік сұраныс артып келеді. Қазақстан осы стратегиялық материалдарды жеткізудің жаһандық тізбегінің бөлшегіне айналуға тырысуда, - деп атап өтті "Kazakh Invest" өкілі.
Ауыл шаруашылығы мен өңдеу саласы
Агросектор саласы да көшбасшылық ұстанымды сақтап қалды. Қазақстан ауыл шаруашылығы жерлерінің 200 миллионнан астам гектарына ие және әлемдегі бидайдың ірі өндірушілерінің қатарына кіреді.
- Жоғары қосымша құнға ие өнімді терең өңдеу мен экспорттауды дамытуға ерекше назар аударылуда. Жақын жылдары бидайды терең өңдеу зауытын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл жаңа жұмыс орындарын құруға жол ашады және шикізатты жергілікті өндірушілерді қолдауды қамтамасыз етеді, - деп түсіндірді Телғожин.
Логистика, мұнай, технологиялар – перспективалық бағыттар
Географиялық тұрғыда тиімді орналасқанын ескере отырып, Қазақстан көлік-логистикалық инфрақұрылымды белсенді дамытып келеді. Азия мен Еуропа арасындағы орташа дәліз жүкті жылдам әрі қауіпсіз жеткізудің маңызды бағдарына айналып отыр.
- Жаңа контейнерлік хабтар салынуда, елдің транзиттік мүмкіндіктерін кеңейту үшін ірі халықаралық компаниялармен келіссөздер жүргізіліп жатыр, - деп атап өтті сарапшы.
Сондай-ақ мұнай-химия, денсаулық сақтау, машина жасау, туризм және цифрлық технологиялар салаларына инвестицияға жоғары қызығушылық сақталған.
Жеке инвесторлар мен ШОБ-ты не қызықтырады?
Спикердің айтуынша, шағын және орта бизнес агроөңдеу, экотехнология, цифрлық сервистер мен қызмет көрсету саласында тартымды бағытты таба алады.
Біз өңделген сүт, ет және астық өнімдеріне тұрақты сұранысты байқадық. Сондай-ақ жергілікті компанияларда күн панелі, шағын жел генераторлары, энергиятиімлі шешімдер Сондай-ақ Телғожин электрондық коммерция, онлайн-білім алу мен мобильдік қосымшаларды әзірлеу секторын жылдам дамып келеді деп ерекше атады. Сондай-ақ мемлекет грант, оқыту бағдарламалары мен жеңілдікпен қаржыландыру түрінде қолдау көрсетіп отырғанын, ірі жобаларды жеткізу тізбесінде ШОБ қосу үшін жағдай жасалғанын алға тартты.
Инвесторларға 2025 жылы қандай тәуекелдерді ескерген жөн?
Сарапшының пікірінше, Қазақстанда ішкі инвестициялық климат тұрақты, бірақ алғашқы орынға сыртқы факторлар шығады:
- Бұл – әлемдік экономиканың тұрақсыздығы, шикізат бағасының тербелісі, логистикалық тізбектердің қайта құруы, сондай-ақ жылдам бейімделуді талап ететін тұрақты даму талаптарының (ESG) өсуі, - деді Телғожин.
Сын-қатерлерге қарамастан, Қазақстан тұрақтылықты байқатып келеді. БҰҰ-ға қарасты ЭСКАТО деректеріне сүйенсек, 2024 жылы еліміз Солтүстік және Оңтүстік Азия өңірінде барлық жаңа инвестицияның 63%-ын тартқан. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 88%-ға артық.
Осылайша, Қазақстан 2025 жылы халықаралық корпорацияларға да, сондай-ақ жеке инвесторларға да инвестицияның тұрақты және перспевтикалық болып қалады.
