1.08.2024, 9:30
Оқылды: 73

Қазақстанда қанша әйел адамда жүргізуші куәлігі бар?

Елімізде қанша әйел адам жүргізуші куәлігін алғанын анықтау мақсатында Massaget.kz тілшісі жауапты органдарға ресми сауал жолдаған.

C0D08522-13A7-475D-B0C9-605BB3A6FA9D

Сурет: pixabay.com

  • Қазақстанда қанша әйел адамда жүргізуші куәлігі бар?

Ішкі істер министрлігі мәліметінше, бүгінге дейін елімізде 4372 821 ер адам, 1 490 632 әйел адам жүргізуші куәлігін алған.

  • Көлік тізгіндеген әйелдерге қатысты қанша жол апаты болған?

Ішкі істер органдары жүргізушілердің жасына, жынысына және басқа да ерекшеліктеріне байланысты жол апатының статистикасын жүргізбейтінін мәлімдеді.

«Әйел жүргізушілерге қатысты арнайы шаралар ұйымдастырылмайды. Жол жүрісіне қатысушылардың бәріне ортақ ереже бар», - деп жазылған ІІМ-нің Massaget.kz-ке жауабында.

Дереккөз: Massaget.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале