Енді қазақстандықтарға қасқыр тұқымдастарды атуға рұқсат берілді, деп хабарлайды Orda.kz.

Сурет: Orda.kz.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан аумағында қасқыр мен шибөріні аулауға қатысты құжат әзірлегенін хабарлады.
«2025 жылдың 15 қаңтарында сағат 10:00-ден бастап санын реттеуге жататын жануарларды (қасқыр, шибөрі) аулауға рұқсат алу мүмкіндік берілді. Биологиялық негіздемеге сәйкес жануарлар санын реттеу мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін бекітілген» - деп жазылған хабарламада.
Жыртқышты Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Ұлытау облыстарында тек үй жануарларына шабуыл жасалғаны жөнінде дәлелдер болған жағдайда ғана рұқсат беріледі.