Спорт саласы бойынша қызмет көлемі 76,8 млрд теңгені құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 36,1 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат Finprom.kz ресурсына сілтеме жасап.
Демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызметтер құны 177,9 млрд теңгеге жетті. Бір жыл бұрынғыға қарағанда 91,6%-ға артық. Халық есебінен көрсетілетін қызметтер көлемі 74%.
Ауылдық жерлерде спорт саласында көрсетілген қызметтер көлемі 4 млрд теңгеге шықты. Ал демалыс және ойын - сауық саласында 21,6 млрд теңгені құрады.
Жергілікті бюджеттердің мәдениетке, спортқа, туризмге және ақпараттық кеңістікке жұмсаған шығыстары бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 214,8 млрд теңгеге жетті, жылдық өсім 39,6%.
Өңірлер бойынша жергілікті бюджет шығыстарының ең көп көлемі Түркістан облысында тіркелген. Аталған өңірде 27,1 млрд теңге, жылдық өсім-56% құрап отыр. Көшбасшылар үштігінде Алматы (20,5 млрд теңге, өсім 2 есе) және Қарағанды (18,4 млрд теңге, оған қоса 29,5%) облыстары бар. Ең төменгі көрсеткіштер Маңғыстау облысында байқалды. Барлығы 6,4 млрд теңге, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 25,6%-ға артық.
Алматыда мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке бөлінген жергілікті бюджет шығындары бір жылда 53,9%-ға, 18 млрд теңгеге дейін, ШҚО-да 13,9%-ға, яғни 13 млрд теңгеге өсті.
Биыл тамыз айының қорытындысы бойынша демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтердің бағасы бір жылда 9,4%-ға өсті. Оның ішінде музыка оқыту бойынша сабақтар 5,7%-ға, бассейндер (абонемент) қызметтері 11,3%-ға, жаттығу залдары қызметтері (абонемент) 9,7% - ға артқан. Одан бөлек, мектеп жасындағы балаларға арналған спорт секцияларындағы сабақтар 5,9%-ға, балаларға арналған аттракциондар қызметтері 14,4%-ға қымбаттады.
Өңірлер бойынша бағаның ең үлкен жылдық өсуі Атырау облысында 27,5%-ға тіркелді. Одан әрі Алматы (22,6%) және БҚО (21%) бар. Ең төменгі көрсеткіш Ақтөбе облысында байқалып, 1,7%-ды құрап отыр.