Қазақстанда киіктерді атуға тыйым салынды. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Мәжілісте Үкімет сағатынан кейін журналистерге берген сұқбатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Фотоға түсірген: Қайырбек Сариев
Ведомство басшысының айтуныша, Қазақстанда киіктердің санын реттеу тоқтатылды.
- Отандық ғалымдармен, халықаралық сарапшылармен кеңесіп, пікірталастан кейін киіктерді ату тоқтатылды. Сонымен қатар қыс мезгілі болғандықтан далада көшіп-қону қиынға соғады. Сол себепті 10 ақпаннан бастап ақбөкендердің санын реттеуді тоқтаттық, - деді министр кулуарда.
Алайда Нысанбаевтың сөзіне қарағанда, келесі жылы киіктердің санын реттеу қайта басталуы мүмкін.