29.03.2026, 18:00
Оқылды: 2

Қазақстанда көлікті техникалық байқаудан өткізу қызметі қанша

Еліміздің өңірлеріндегі міндетті техникалық байқау құнында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Дегенмен жүк көлігінің техникалық ақауын тексеру бағасы әртүрлі, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

f1aaeb41-21f7-4822-8e54-5599bb0db47f
Фото: freepik 

Көлікті техникалық тексеруден өткізу талабы барлық жерде бірдей болғанымен Қазақстан өңірлеріндегі қызмет көрсету құнында айырмашылық бар. Бағаға бәсекелестік, сұраныс деңгейі мен автопарк құрылымы әсер етеді.

Қай өңірде баға жоғары

Елімізде көлікті техникалық байқаудан өткізу қызметі Шымкент қаласында қымбат. Жүк көліктерін тексеруден өткізу қызметі – 17 000–20 000 тенге. Бұл республикалық көрсеткіштен жоғары баға. Ал жеңіл көліктерді техникалық байқаудан өткізу қызметінің құны 8 000 теңгеден аспайды.

Тарифі жоғары өңірлер:

* Астана – жеңіл көліктерге 10 000 теңгеге дейін, жүк көліктеріне 12 000 теңгеге дейін;

* Ақтөбе – қызмет құны жоғары өңірдің бірі. Мұндағы баға :7 000–8 000 теңге (жеңіл көлік) және 12 000 теңге (жүк көлігі);

* Қостанайда жүк көліктерін техникалық байқаудан өткізу қызметінің құны 16 000 теңгеден аспайды;

* Қызылорда – жеңіл автокөліктерге 10 000 теңге, жүк көліктеріне 12 000 теңге.

Алматыдағы баға екі аралықта тұр. Жеңіл көліктерді тексеру қызметі – 6 000–8 000 теңге, ал жүк көліктерін байқаудан өткізу – 10 000 теңге.

90c59134-fa41-4926-b367-acbc22b4ff74

Инфографика Kazinform

Орташа баға

Көп өңірде көлікті техникалық байқаудан өткізу қызметінің құны орташа деңгейде.

Олар:

* Қарағанды, Жезқазған – 3 000–7 000 теңге (жеңіл көлік) және 10 000–12 000 теңге (жүк көлігі);

* Петропавл – 8 000 теңге және 10 000 теңге;

* Павлодарда жеңіл автокөлікке баға төмен (3 000–5 000 теңге), бірақ жүк көліктеріне баға жоғары (12 000 теңге);

* Тараз – 7 000 теңге және 12 000 теңге.

Төмен баға

Қазақстанның кейбір өңірінде техникалық байқау қызметінің құны төмен.

Олар:

* Орал, Өскеменде жеңіл көлікке 2 500 теңгеден басталса, жүк көлігіне 7 000 теңгеден аспайды;

* Талдықорған, Түркістан – 2 500–5 000 теңге (жеңіл көлік) және 4 000–9 000 теңге (жүк көлігі);

* Ақтауда да баға төмен. Техникалық байқау құны – 5 000 теңге және 7 000 теңге.

Жеңіл көлікке қарағанда жүк көліктерін техникалық байқаудан өткізу қызметі жоғары. Баға айырмашылығы шамамен 30%-дан бастап, кейде 80%-ға жетеді. Дегенмен кейбір қалаларда баға айырмашылығы тым төмен. Мұның өз себебі бар. Жүк көліктерін техникалық байқаудан өткізу үшін қызмет көрсету орны да талапқа сай жабдықталуы тиіс.

Техникалық байқау қызметінің бағасы өңірлер арасындағы айырмашылықты көрсетіп берді. Оңтүстік және экономикалық тұрғыдан даму көрсеткіші жоғары қалаларда тариф қымбат болса, кейбір облыс орталығында қызмет құны қолжетімді. Соның ішінде жүк көліктеріне қызмет көрсету құнында айырмашылық айтарлықтай жоғары.

https://kaz.inform.kz/news/kazakstanda-kolkt-tehnikalik-baykaudan-otkzu-kizmet-kansha-9fe69c/

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале