Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 187 жағдай тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сурет: ҚазАқпарат
Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында - 37, Алматы қаласында - 112, Шымкент қаласында – 8, Алматы облысында - 7, Атырау облысында - 10, Жамбыл облысында - 4, Батыс Қазақстан облысында - 1, Қарағанды облысында - 7, Қызылорда облысында - 1 адамнан коронавирус анықталды.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 307 517 құрады.
Кешегі мәлімет бойынша коронавирус жұқтырған 158 жағдай тіркелді.
Сонымен қатар өткен тәулікте 65 адам коронавирус инфекциясынан жазылып, олардың жалпы саны 1 292 626 адамға жетті.