Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 9 415 905 адам, ІІ компонентін 9 052 853 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ елімізде жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды «Pfizer» вакцинасымен егу жалғасуда. 10 наурыздағы дерекке сәйкес, аталған вакцинаның І дозасын 889 821 адам, ІІ дозасын 677 501 адам салдырды.
Оның ішінде:
І компонентімен
- жасөспірімдер – 736 992,
- жүкті әйелдер – 33 685,
- бала емізетін әйелдер – 116 156.
ІІ компонентімен
- жасөспірімдер – 566 454,
- жүкті әйелдер – 25 259,
- бала емізетін әйелдер – 85 720.