Қазақстанда 15 қаңтардағы мәлімет бойынша, 55 837 адам коронавирус инфекциясынан (–54 157+ және 1 680 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Олардың ішінде 5 516 пациент стационарда, 50 321 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 211 адамның жағдайы ауыр,
• 86 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 47 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.