10.02.2022, 12:10
Оқылды: 41

Қазақстанда құмар ойындардың шырмауына түскендердің саны қанша

Парламент Сенатының депутаты Дана Нұржігітова ойын бизнесі туралы заңнаманы жетілдіру бойынша бірқатар қадамдарды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

B0162BCC-DB6A-467C-893A-9D83C800D412

Сенатордың айтуынша, депутаттарға азаматтардан көптеген өтініштер келіп түседі, олар букмекерлік кеңселерді жарнамалауға қатысты заңнамалық шаралар қабылдауды талап етеді. «Жарнама туралы» қолданыстағы заңға сәйкес, казино мен интернет-казино қызметтерін жарнамалауға тыйым салынады. Бірақ букмекерлік кеңселердің қызметтерін жарнамалауға тікелей тыйым жоқ. Сондықтан мұндай компаниялардың жарнамалары интернетте агрессивті түрде алға жылжуда. Осы фактіні ескере отырып, букмекерлік компанияларды жарнамалауға толық тыйым салу бойынша қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу қажет», - деді Дана Нұржігітова Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында.

Депутаттың мәліметінше, Қазақстанда құмар ойыншылардың саны 350 мыңнан асады, ал бір ойыншының орташа қарызы 10 млн теңгені құрайды.

Д. Нұржігітова бұл мәселеге де назар аударуды сұрады. Ол сондай-ақ ойын бизнесі субъектілерінің әлеуметтік жауапкершілігін күшейту бойынша тиісті жұмыстар жүргізу қажеттігін де атап өтті.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале