14.12.2020, 10:53
Оқылды: 38

Қазақстанда құрастырылған тікұшақтың бірінші партиясы тапсырылды

Алматы қаласында «№ 405 авиажөндеу зауытында» Төтенше жағдайлар министрлігіне арнап жасалған Ми-8АМТ тікұшағының бірінші партиясы салтанатты түрде тапсырылды.

ми2

Тікұшақтарды құрастыру жөніндегі осы жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Ресей Федерациясының Президенті В. В. Путиннің мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша 2015 жылы берген тапсырмасына сәйкес іске асырылды. Іс-шараға «Вертолеты России» АҚ және Қазақстанның мемлекеттік органдарының басшылығы қатысты. Ми-8АМТ - көп мақсатты тікұшақ, екі қозғалтқышты тікұшақ. Көптеген азаматтық және әскери тапсырмаларды орындау үшін 50-ден астам елде кеңінен қолданылады.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале