10.11.2021, 9:45
Оқылды: 42

Қазақстанда құрылыс қарқыны артты

ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев құрылыс саласындағы негізгі көрсеткіштерді баяндады.

2

«Өткен 10 ай қорытындысы бойынша орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 7,6%-ға өсіп, құрылыс секторы жоғары қарқынын сақтауда. Көрсеткіштің оң өсімі 16 өңір бойынша тіркелген», - деді Ә. Ерғалиев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министрдің айтуынша, құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең жоғары өсуі Маңғыстау және Ақмола облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалып отыр.

«Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жалпы алғанда оң динамика сақталуда. Жыл басынан бері 11,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Көрсеткіштің өсуі 7,9%-ды құрады. Оң динамика 15 өңірде тіркелді, олардың арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында байқалуда», - дейді Ә. Ерғалиев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале