Warning: session_start(): open(/tmp/sess_0bbijaivdlgp03lmm7ogb55ehs, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Қазақстанда қыздарды адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау басталды - официальные новости ЗКО
18.09.2024, 15:45
Оқылды: 282

Қазақстанда қыздарды адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау басталды

Бас мемлекеттік санитардың қаулысына сәйкес, 11 жастағы қыздар жоспарлы тәртіппен вакцинациялауға жатады. Сондай-ақ 12 жастан бастап 13 жасты қоса алғандағы жастағы қыздарға толықтыра иммундау жүргізіледі. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.

61D99C55-2DE5-462F-A330-C16128FFB988

Сурет: freepik.com

Жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы – адам папилломасы вирусына қарсы екпені салу үшін ата-аналардың немесе заңды өкілдерінің келісімі алынады.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, елімізде індетті жыл сайын 2 мыңға жуық адам жұқтырады.

Жатыр мойны обыры – Қазақстандағы барлық жастағы әйелдер арасында таралуы бойынша екінші орындағы және 25-44 жас аралығындағы әйелдер өлімінің себептері бойынша екінші орындағы қатерлі ісік.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале