1.09.2025, 10:30
Оқылды: 83

Қазақстанда Лу Бань зертханалары ашылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің жоғары деңгейдегі келіссөздерінен кейін Қазақстанда екінші және үшінші Лу Бань зертханаларының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Президентінің ресми сайты.

IMG_8789

Бұл жоба Лу Бань зертханасының тәжірибесін тарату жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында іске асырылды. Ол экономиканың түрлі секторы бойынша тәжірибеге бағдарланған оқыту мен маман даярлауды көздейді.

Екінші зертхана Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, ал үшіншісі Алматы қаласындағы Логистика және көлік академиясында ашылды.

IMG_8788

Лу Бань зертханасы елімізде алғаш рет инженерлік-техникалық білім беруді дамытуға арналған алаң ретінде 2023 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде құрылған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале