26.03.2024, 10:30
Оқылды: 57

Қазақстанда майлы және жемшөп дақылдары, картоп пен қызылша егісі ұлғайтылады

Дәл қазір Үкімет отырысы өтіп жатыр. ҚР Үкіметінің отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров егіс науқанына дайындық барысы туралы баяндады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды.

жп дала (2)

Фото: zhaikpress.kz

АШМ мәліметі бойынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының болжамды егіс алқабы 23,8 млн гектар болып отыр. Бидайға 13,3 млн гектар егістік алаңдары бөлінген. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар және жоғары рентабельді дақылдар алаңдарын ұлғайту жоспарланып отыр.

«Майлы дақылдар алаңын 385 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда, бұл жалпы егіс алаңын 3,2 млн гектарға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Оның ішінде күнбағыс сияқты әлеуметтік маңызы бар дақыл алаңын 60 мың гектарға ұлғайтып, 1,2 млн гектарға дейін жеткізу күтілуде», — деді министр.

Суармалы сумен қамтамасыз етуде туындайтын проблемаларды ескере отырып, ылғалды көп қажет ететін дақылдар алаңдарын қысқарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, мақта алқаптарының 16 мың гектарға, күріш алқаптарының 6,4 мың гектарға қысқаруы болжануда.

«Жалпы астық дақылдары, көкөніс-бақша дақылдары, картоп бойынша жоспарланған алаңдар ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті А. Сапаров.

Бұдан бөлек азықтық дақылдар алаңын 68 мың гектарға ұлғайтып, оларды 3,2 млн гектар дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Жаппай егіс науқаны биыл мамыр айының екінші онкүндігінде басталады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале