30.11.2022, 12:30
Оқылды: 72

Қазақстанда макарон өнімдерін өндіру көлемі артты

2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда жұмыс істеп жатқан макарон өнімдерін шығаратын 40 кәсіпорын 122,8 мың тонна өнім өндірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022_11_30_dobidqr7vymg454xmqvknnqcji1wlqd07wjdvafu

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда биылғы көрсеткіштер 5,8%-ға өскен. Бұл ретте қазақстандықтар жыл сайын орта есеппен 130 мың тоннаға жуық макарон тұтынады.

Айта кетсек, шетелге 47,1 мың тонна макарон өнімі экспортталды, бұл көлем 2021 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінде қалды. Қазақстандық макаронның негізгі тұтынушылары - Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан.

«Макарон өнімдерінің аз көлемі Қазақстанға импорттала бастады. Қаңтардан қыркүйекке дейінгі кезеңде елге тек 23,4 мың тонна шетелдік өнім әкелінді, бұл көрсеткіш 8,2%-ға төмендеді. Салыстыру үшін айта кетейік, 2021 жылдың осы кезеңінде 25,5 мың тонна импортталған еді», делінген ведомство ақпаратында.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале