Денсаулық сақтау министрлігі медициналық мамандықтар бойынша бакалавриатқа және резидентураға білім гранттарының санын арттырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазіргі уақытта бакалавриатқа барлығы 2700 грант бөлінді: «Мейірбике ісі», «Фармация», «Жалпы медицина/Медицина», «Стоматология», «Педиатрия», «Қоғамдық денсаулық» мамандықтарына - 2335 грант, квота - 365 грант (жетім балалар, мүгедектігі бар тұлғалар және т. б.), 20 грант - халықаралық келісімдер шеңберіндегі гранттар.
Магистратураға Денсаулық сақтаудағы менеджмент, Қоғамдық денсаулық сақтау, Мейірбике ісі, Фармация, Биомедицина, Медицина, Медициналық-профилактикалық іс мамандықтары бойынша 325 грант бөлінді.
Мәселен, 2023 жылы мемлекеттік гранттардың саны 1500-дің орнына 1700-ге дейін, 2024 жылы - 1800, 2025 жылы - 2000-ға дейін ұлғаяды.
Айта кетері, резидентураның мемлекеттік білім тапсырысын бөлу кезінде денсаулық сақтау, аймақтандыру басқармаларының өтінімдеріне және ЖОО, ҒЗИ, ҰО өтінімдеріне сәйкес өңірлердің қажеттілігі ескеріледі.
Тұтастай алғанда, медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы өңірлердің қажеттілігі мен жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері ескеріле отырып қалыптастырылады.
Жыл сайын республикалық комиссия денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін мамандықтар бойынша білім гранттарын алқалы түрде бөледі.
Мәселен, 2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдарына «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша жыл сайын мемлекеттік тапсырыс беру көзделеді: бакалавриат – 2700, резидентура – 1500, магистратура – 325, докторантура – 160 орын.
Бұл ретте аса тапшы мамандықтарды бөлу жоғары оқу орындарын өңірлендіруді ескере отырып, өңірлердің қажеттіліктері мен өтінімдері негізінде комиссиялық түрде қалыптасады.
17 мамырда резидентурада медицина кадрларын даярлау үшін мемлекеттік білім тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия медициналық жоғары оқу орындарына білім грантын бөлді.
ҚазҰМУ - 380, БҚМУ - 166, ҚМУ-174, СМУ-172, АМУ-194, ОҚМА-87, ҚРМУ-76, ҰҒКО-23, ХҚТУ-20, ҰҒМО,-6, UMC корпоративтік қоры -62, ҰНО-10, Травматология және ортопедия ҒЗИ-8, урология ҒО - 2, ҚазҒЗИ көз аурулары - 10, АГжПҒО-29, Сызғанова атындағы хирургия ҰҒО -14, ҰҒОО -24, ПжБХҒО-20, КжІАҒЗИ -10, ҚазОРҒЗИ – 13.