12.09.2022, 13:00
Оқылды: 29

Қазақстанда некесін қиған жұптар азайды

Бір жылда Қазақстанда некесін қиғандар саны 15 пайызға азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

220912104917154e

«2022 жылдың қаңтар-маусымында Қазақстанда 55,1 мың жұп некесін тіркеткен. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 15,2 пайызға аз болды. Қалаларда некеге тұру саны бір жылда 5 пайызға (42,6 мыңға дейін), ауылдарда 38,1 пайызға (12,5 мыңға дейін) қысқарды», - делінген ranking.kz мәліметінде.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында ажырасқандар 9 мыңды құрап, бұл бір жыл бұрынғыдан 5 пайызға аз. Қалаларда ажырасулар саны бір жылда 3,1 пайызға (7,1 мыңға дейін), ауылдарда 11,8 пайызға (1,9 мыңға дейін) азайды.

Өңірлік тұрғыда жұптардың көпшілігі некелерін Алматыда тіркеді (7,1 мың жұп). Осы көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 14,7 пайызға аз болды

Сонымен қатар, бұл үштікке халқы тығыз орналасқан Түркістан (6 мың, бір жылда 16,9% кем) және Алматы (5,6 мың, 17,1% кем) облыстары енді. Қиылған неке саны бойынша ең аз көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында анықталды. Аталған мерзімде 1,5 мың неке тіркеліп, бір жылда 2,6 пайыз деңгейінде өсім болды.

Бұдан бөлек, ажырасулар саны бойынша Алматы (1,2 мың), Алматы (1 мың) және Қарағанды (937) облыстары алда тұр. Ең аз ажырасу Қызылорда облысында (201) болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале