30.09.2020, 9:43
Оқылды: 25

Қазақстанда оқу жылы басталғалы бері 100-ден астам оқушы коронавирус жұқтырған

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда жаңа оқу жылы басталғалы бері 104 оқушы коронавирус жұқтырып алғанын мәлім етті.

200930093513049e

«Оқу жылы басталғалы бері оқушылар арасында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 104 жағдайы тіркелді. Оның 33-і – кезекші сыныптарда оқитын балалар. Олармен қарым-қатынаста болған 550 адам анықталып, оның ішінде 7 адамнан коронавирус анықталды. 71 бала – қашықтан оқып жүріп жұқтырып алған оқушылар. Олармен қарым-қатынаста болған 240 адам анықталып, ішінен 15 адамның індетті жұқтырғаны белгілі болды», - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, егер оқушылардың бәрі де жаңа оқу жылында офлайн режимде оқуын бастап кетсе коронавирус жұқтырған балалармен қарым-қатынаста болған адамдардың саны 1500-ден асып, бұл жағдай оқушылардың, мектеп персоналы мен ата-аналардың жаппай індет жұқтыруына әкеліп соғар еді. Осыған байланысты Алексей Цой аймақ басшыларынан коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін қажетті шаралардың бәрін де қабылдауды өтінді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале