Бүгінгі таңда мектеп оқулықтарын цифрлық форматқа көшіру процесі 100%-ға орындалды. Барлық оқу материалы мемлекеттік сараптамадан сәтті өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді. Цифрлық оқулықтар елдің 13 баспасы ұсынған 11 платформада әзірленіп жатыр.
Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі жазды.
«Оқытудың инновациялық әдістерін енгізу үшін педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар әзірленді. Мұғалімдер онлайн-ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын арттыра отырып, сабақтарда цифрлық технологияларды, онлайн-коммуникацияларды белсенді пайдаланады», - деп атап өтті ҚР оқу-ағарту министрлігі білім сапасын қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.
Сонымен қатар робототехника, STEM, химия, физика және биология бойынша 1345 заманауи кабинет ашу жұмысы жалғасып жатыр.
Биыл жылдың соңына дейін еліміздің 20 өңіріндегі 1072 мектеп заманауи кабинеттермен жабдықталады.