14.05.2024, 12:45
Оқылды: 48

Қазақстанда орман өртіне қарсы қандай шара іске асырылды? Министр жауап берді

Экология министрі Үкімет отырысында Қазақстанда орман өртіне қарсы қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты.

IMG_20240514_115243_083

Фото: t.me/KZgovernment/10828

Үкімет баспасөз қызметінің хабарлауынша, орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуын нығайту бойынша 2023-2027 жылдарға арналған, жалпы сомасы 68 млрд теңгеден асатын кешенді жоспар қабылдады.

Бұл осы саланы қаржыландырудағы рекордтық көлем.

2023 жылы Экология министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың табиғатты қорғау ұйымдары үшін 15,6 млрд теңгеге 45 өрт сөндіру автомашинасы, 51 шағын орман өрті кешені, 281 трактор, 149 патрульдік автомашина және 655 бірлік өртке қарсы жабдық (дискілі тырмалар, соқалар, тіркемелер) сатып алынған.

2024 жылы кешенді жоспар аясында материалдық-техникалық жарақтандыру жалғасып жатыр.

Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен 3,8 млрд теңге, министрліктің табиғатты қорғау мекемелері үшін түрлі көздерден 15,4 млрд теңге бөлінді.

Экология министрлігінің аумақтық инспекциялары мемлекеттік орман иеленушілердің дайындығына тексеру жүргізді. Нәтижесінде 124 ұйғарым жазылып, 2,1 млн теңгеге әкімшілік айыппұлдар бойынша 26 хаттама толтырылған.

Азаматтық қорғаныс академиясының базасында мемлекеттік орман күзеті мен орман өрт сөндіру станцияларының 1332 қызметкері оқытылған.

Сонымен қатар өртті бақылау мұнаралары мен орман өртін сөндіру станцияларының санын көбейту, сондай-ақ өртті ерте анықтау жүйелерін енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарындағы өртке ең қауіпті учаскелері мен «Семей орманы» резерватына басымдық беріліп отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале