7.10.2024, 9:45
Оқылды: 109

Қазақстанда осы аптада қандай спорттық жарыстар өтеді?

IMG_7814

• 7-13 қазан – Үстел теннисінен XXVII Азия чемпионаты

Астанада алғаш рет үстел теннисінен Азия чемпионаты өтеді. Жарысқа 26 елден 210 спортшы қатысады. Ел намысын Рио-2016, Токио-2020 және Париж-2024 Олимпиадасының қатысушысы Кирилл Герасименко, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қатысушысы Анастасия Лаврова, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Алан Құрманғалиев және халықаралық жарыстардың жүлдегері Сарвиноз Миркадирова мен Зауреш Ақажева қорғайды.

Өтетін орны: Ұлттық теннис орталығы (BEELINE ARENA), Тұран даңғылы 4/2, Астана қаласы

Уақыты: күн сайын 10:00-21:00 аралығы

  • 7-11 қазан – Грэпплинг және Grappling Gi-ден әлем чемпионаты

Астанада Грэпплинг және Grappling Gi-ден барлық жас санатында (U15, U17, U20, ересектер және ардагерлер) әлем чемпионаты өтеді. Бұл 2018 және 2019 жылғы әлем чемпионаттарынан кейін елімізде өтетін үшінші жаһандық дода.

Өтетін орны: Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы, Астана қаласы

  • 10 және 13 қазан – футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының УЕФА Ұлттар лигасындағы ойындары

10 қазанда Қазақстан құрамасы сырт алаңда Аустрия құрамасымен кездеседі.

13 қазанда Қазақстан футболшылары Алматыдағы Орталық стадионда Словения құрамасын қабылдайды.

  • 12-13 қазан – ASIAN JUDO OPEN дзюдодан Азия Ашық кубогі

Ақтауда Тұрар Жолдыбаевты еске түсіруге арналған дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия Ашық кубогі өтеді. Турнирге Әзербайжан, Гонконг, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 200-ге жуық спортшы қатысады.

Өтетін орны: «Халық Арена» спорт кешені, Ақтау қаласы

Басталуы: 10:00

Дереккөз: Туризм және спорт министрлігі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале