23.12.2022, 17:00
Оқылды: 41

Қазақстанда педиатр дәрігерлер тапшы

Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінде 200 педиатр дәрігер және 100 неонатолог маман жетіспейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

6

Бүгінгі таңда елімізде 6,6 миллионнан астам бала бар. 5 жасқа дейінгі балалар саны 2,5 миллионды құраса, мектеп оқушыларының саны 3,4 миллион. Вице-министр балаларға берілетін медициналық көмек түрлері туралы айтты.

“Медициналық көмек кепілдік берілген көлемде және МӘМС шеңберінде тегін көрсетіледі. Бүгінгі күні балаларға медициналық көмек көрсетудің көп деңгейлі тәсілі жүзеге асырылды. Биыл амбулаториялық деңгейде балаларға 118 миллион консультациялық-диагностикалық қабылдау жүргізілді. Тәулік бойы стационар жағдайында 576 мың бала емделді. Балаларға 100 мыңнан астам ота жасалды. Сондай-ақ, биыл 402 мың бала дүниеге келген”, - деді Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник.

Бүгінде денсаулық сақтау жүйесінде 2640 педиатр, 773 неонатолог жұмыс істейді. Дегенмен, вице-министр Қазақстанда балалар дәрігерінің тапшылығы бар екенін айтты.

“Денсаулық сақтау жүйесінде 200 педиатр дәрігер және 100 неонатолог маман жетіспейді. Биыл педиатр, неонатолог, балалар хирургы және балалар онко-гематологтары бойынша 198 жас маман оқуларын бітірді. Қазіргі уақытта балалар бейіні мамандықтары бойынша 548 резидент білім алуда. Сондай-ақ, биыл балалар хирургиясы, неонатология, педиатрия, балалар онкологиясы және гематологиясы мамандықтары бойынша 292 резидентураға мемлекеттік грант бөлінді”, - деп атап өтті Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале