3.03.2022, 17:00
Оқылды: 31

Қазақстанда петиция институты заңдастырылады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде елімізде петиция институтын заңдастыруға бағытталған құжат қабылданатынын айтты.

1zTbvIQKKQEtVPtbQZkymL864lUUkmsgkAeAcSkN
Өздеріңіз білетіндей, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Соған сәйкес, ақпаратқа қол жеткізуге жауапты уәкілетті тұлға институты енгізілді. Бүгінде бүкіл мемлекеттік органда жауапты адамдар анықталды. Оларды оқыттық. Қазіргі таңда олардың жалпы саны 1 400-ден асады, - деді министр.

Оның сөзінше, алғаш рет Мемлекет басшысына Қазақстандағы ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есеп дайындалды.

Баяндама қоғамда және сараптамалық ортада кеңінен талқыланды. Сондай-ақ Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысында қаралды. Былтырдан бері алғаш рет мәслихаттардың сессиялары Ai-tube платформасында онлайн көрсетіле бастады, - деп түсіндірді Асқар Умаров.

Сондай-ақ министрдің айтуынша, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен бірлесіп мәслихат депутаттарына тренингтер мен вебинарлар өткізілді.

Қазіргі уақытта БАҚ өкілдерімен өзара іс-қимыл сұрағында мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың жаңа критерилері енгізілді. Бірінші, мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде жобаларды іске асыру. Екінші, Мемлекет басшысына ұсынылатын ақпаратқа қол жеткізу саласында кезекті есепті дайындау. Үшінші, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдауға атсалысу. Құжат петиция институтын заңдастыруға бағытталған, - деді министр.

 baq.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале