3.03.2023, 9:15
Оқылды: 16

Қазақстанда шетелдіктерден туристік жарнаны есептеу принципі қайта қаралады

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда шетелдік туристерден міндетті жарна — bed tax енгізілді. Өткен жылы ол алынбады, ал 2023 жылдың басында біздің еліміздің 30-дан астам қалалары мен аудандарында 1% - дан 5% - ға дейінгі мөлшерлемелер бекітілді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

7623fd97-88b2-41a4-ad3e-80fd432ec414

Алайда, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кәсіпкерлермен және қонақ үй бизнесінің өкілдерімен кездесулерінің қорытындысы бойынша туристік жарнаның мөлшерін қайта қарау туралы шешім қабылданды. Ол пайыздық арақатынаста емес, АЕК-ке сай есептеледі.

Мәселен, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында bed tax 0,5 АЕК, қалған өңірлерде — 0,2 АЕК құрайды.

«Бизнес өкілдері қолданыстағы тәртіпке өзгерістер енгізу бойынша көптеген тартымды ұсыныстар берді. Біз кәсіпкерлерді тыңдап, жарнаны есептеудің жаңа қағидатын қоса алғанда бірқатар түзетулер әзірледік»,- деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале