Елімізде шетелге шықпай-ақ ауру жұқтырғандар саны өсуде. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Хабар 24 арнасында өткен онлайн брифингте айтты.
«Қазір шетелге шықпай-ақ ауру жұқтырғандар саны өсуде. Бұл дегеніміз – ауру қонақта, туыстардың үйінде, лифтте, автобуста, яғни кез келген жерде жұғуы мүмкін дегенді білдіреді. Көп адам бұл ескертуге салғырт қарайтынын көріп отырмыз. Мысалы, кеше – бір күн ішінде ғана төтенше жағдай талаптарын бұзғаны үшін 237 адам жауапқа тартылса, оның 74-і қамауға алынды. Бұл бейқамдық ауруханада науқастарға орын жетпеуіне әкелуі мүмкін. Бұған жол беруге болмайды», - деді министр.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер