
Сурет: baq.kz
Заң жобасында:
- Сонымен қатар заң жобасында бірқатар ерекшеліктер де қарастырылған. Мысалы, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп кеткендер, аса ірі көлемде алаяқтық жасағандар мен заңмен келтірілген залалды толық өтегендерге қатысты – жазаның өтелмеген бөлігі бестен бірге қысқартылуы мүмкін, - деді депутат.
Құспанның сөзінше, мемлекет қауіпсіздігіне байланысты қылмыстарға (мемлекеттік құпияларды жария ету, сыбайлас жемқорлық қылмыстары және т.б.) рақымшылық қолданылмайды.
- Қазіргі таңда елімізде 63 түзеу мекемесінде және 16 тергеу изоляторында 40 мыңнан астам адам қамалған. Оның ішінде 33 мыңы сотталғандар, 7 мыңы – тергеу қамауында. Сонымен бірге, 27 мыңнан астам адам пробация қызметінің есебінде тұр. Алдын ала есеп бойынша, рақымшылық актісі 6 000 сотталған және 9 000 пробациялық бақылаудағы адамды қамтиды. Оның ішінде шамамен 4 100 адам (632-сі түрмеден, 3 500-і пробация есебінен) толық босатылады. Бұдан бөлек, депутаттардың ұсынысы бойынша, жазасын өтеуге бір жыл уақыты қалған 1 700-ден астам азаматқа рақымшылық қолданылады, - деп айтты Құспан Мәжілісте.
Сонымен қатар 5 400 сотталған мен 5 500 пробациялық бақылаудағы адамның жазасы қысқартылады. Яғни, 11 000 адамға қатысты жазалау мерзіміне жеңілдік қарастырылмақ.
Сонымен қатар, рақымшылық жасау әрекетіне әлеуметтік осал адамдар санатынан 629 адам (барлығы 2373) жатады, олардың 57-сі босатылады және 572 адамға мерзім қысқартылады.
Заң 833 әйелге де қатысты болады: 109-ы толық босатылса, 724-інің жазасы қысқартылады.
Бұған дейін Мәжіліс депутаттары Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы заң жобасын қолдаған болатын. Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ қанша адамға рақымшылық жасалатынын айтқан еді.