19.03.2025, 17:30
Оқылды: 137

Қазақстанда «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясы басталады

Қазақстанда балық шаруашылығы су айдындарын қараусыз қалған балық аулау ауларынан тазартуға, жағалау аумақтарын тазартуға және азаматтардың су ресурстарын ұқыпты қарауын қалыптастыруға бағытталған жыл сайынғы «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы басталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жазды. 

634e61573f74cd0c46704043eb82d263_1280x720

Сурет: gov.kz

 

Балық шаруашылығы комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес акция өңірлердің климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, екі кезеңде өтеді:

  • наурыздан мамырға дейін – Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарында.
  • 15 сәуірден 31 мамырға дейін – Ұлытау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарында.

Акцияға тұрғылықты жері бойынша тиісті балық шаруашылығы инспекциясына жүгіну арқылы кез келген адам қатыса алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале