Қордың мәліметінше, Ұлттық банк базалық ставканы көтеруіне байланысты қазан және қараша айлары үшін мерзімсіз, мерзімді және жинақ депозиттер бойынша 3 және 6 айға ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелерді ұлғайту туралы шешім қабылданған.
Депозиттер бойынша жаңа ставкалар 27 қазаннан бастап күшіне енеді.
Айта кетсек, Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті 27 қазаннан бастап базалық мөлшерлемені 16 пайызға дейін көтеру жөнінде шешім қабылдады. Шешім инфляцияның жеделдеуіне және бағаның өсуі біздің болжамды бағалауымыздан едәуір жоғары қалыптасуына байланысты қабылданған.