Warning: session_start(): open(/tmp/sess_t3nu5fj9bh19t81g95i24v6e7o, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Қазақстанда төрт банкнот айналымнан шығарылады: Ұлттық банк мерзімін атады - официальные новости ЗКО
5.09.2025, 11:28
Оқылды: 240

Қазақстанда төрт банкнот айналымнан шығарылады: Ұлттық банк мерзімін атады

Қазақстанда ескі банкноттарды жаңа үлгідегі купюраларға ауыстыру жалғасып жатыр. Ұлттық банк 1 000, 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік ескі банкноттардың параллель айналымнан шығатын мерзімдерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақша JP

Ұлттық банкте бүгінде айналымда жаңа үлгідегі 1 000, 2 000 және 10 000 теңгелік банкноттар бар екені айтылды. Ескі купюралар үшін параллельді айналымның аяқталу мерзімдері төмендегідей белгіленді:

  • 2 000 теңгелік банкноттар үшін – 2026 жылдың 24 маусымына дейін;
  • 10 000 теңгелік банкноттар үшін – 2026 жылдың 27 маусымына дейін;
  • 1 000 теңгелік банкноттар үшін – 2027 жылдың 27 наурызына дейін.

Бұдан бөлек, Ұлттық банк 2025 жылдың 24 қыркүйегінен бастап 2011 жылғы үлгідегі 5 000 теңгелік банкноттардың айналымы тоқтатылатынын еске салды.

"Параллельді айналым кезеңі аяқталғаннан кейін, яғни 2025 жылдың 25 қыркүйегінен бастап, барлық банктер мен "Қазпошта" ескі үлгідегі банкноттарды жаңа үлгідегілеріне 3 жыл бойы айырбастайды, ал Ұлттық банктің филиалдары – мерзімсіз", – деп нақтылады Ұлттық банк.

tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале