20.07.2022, 17:15
Оқылды: 55

Қазақстанда тұрмыстық техника бір жылда 18% қымбаттады

Әсіресе қымбатшылық Алматы және Жамбыл мен Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

56015392fbea40719dc933a636b51181

Бұл туралы Energyprom.kz порталы мәлімдеді. Тоңазытқыш пен мұздатқыш 15,8%- ға, ас үй плиталары 17,2%- ға, кір жуғыш және ыдыс жуатын машиналар 22% -ға, шаңсорғыш 25,1%-ға өскен.

Блиц

- Кредитқа бергенде тегін сияқты болады. Біз оны алып аламыз. Кейін төлеу қиын болады.

- Алмайын десен керек, алайын десен ол ақша. Бәрі кредитке алады.

- Шамасы келгендер алады деп ойлаймын. Бөліп төлеуге. Бірақ көбісі алып-алады да, кейіннен төлей алмай, қиналып қысылып жатады.

Тұрмыстық техникалардың дені - импорт. Сондықтан бағаның шарықтауына бірнеше фактор бар,- дейді экономист Мақсат Халық. Оның айтуынша, әлемдегі инфляция мен геосаяси жағдайлар тауар бағасына әсер етеді.

Импорттық инфляция дейді. Сырттағы тауарлардың қымбаттауы. Яғни ол елге келген кезде одан әрі қымбаттауы. Мысалға биыл доллардың өзі құнсызданды. Ол жақта өйткені Америкада инфляция 8,5 процентті құрады. Ол нені көрсетеді, демек Европада да, Америкада да тауарлар бағасы өсіп жатыр, - дейді Мақсат Халық, экономист.

Бағаның бұлайша құбылуы әлі де жалғасуы мүмкін дейді сарапшылар. Азық-түлік, киім-кешек ғана емес, тұрмыстық заттардың да құны әзір тұрақтала қоймайды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале