18.12.2024, 10:15
Оқылды: 169

Қазақстанда Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсен институтын енгізу жоспарланып отыр

Мұндай норма қазіргі уақытта Мәжіліс депутаттарының қарауында жатқан заң жобаларында көзделген.

IMG_5473

Сурет: ОКҚ

ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының м.а. Болат Танабергенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында түсіндіргендей, тұтынушыға өз құқықтарын қорғау тәсілі бойынша таңдау жасау ұсынылады: дауды сотқа дейінгі тәртіппен реттеу, не сотқа тікелей талап қою немесе жосықсыз бизнес субъектісін жауапкершілікке тарту үшін мемлекеттік органға жүгіну.

Бұдан басқа, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың базалық қағидаттарын ТКШ, байланыс, туризм, мәдениет, сауда, көлік және тұтыну үшін көрсетілетін қызметтердің өзге де салаларында қолдану ұсынылады. Сондай-ақ кәсіпкерлерге жүгінген кезде құқықтары бұзылған және сотқа дейінгі кезеңде шешілмеген тұтынушының пайдасына сот айыппұл түрінде салынатын кәсіпкердің азаматтық құқықтық жауапкершілігін енгізу ұсынылып отыр.

«Қосымша тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне ішкі нарықтың қоғамдық мониторингі шеңберінде тауарлардың үлгілерін іріктеу және қызметтерді (жұмыстарды) сатып алу құқығы беріледі», - деді спикер.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале