13.05.2025, 12:15
Оқылды: 134

Қазақстанда тыңайтқыштарды енгізу көлемі 1,9 млн тоннаға дейін жеткізілмек

📌Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шаруаларды көктемгі дала жұмыстарына тыңайтқыштармен қамтамасыз ету туралы баяндады.

01036432-1cae-4655-8037-5379430ef4e1

Ол өткен жылы алғаш рет тыңайтқыштарды қолдану көлемі 1,3 млн тоннаны құрағанын атап өтті. Биыл 1,9 млн тонна индикатор белгіленді, бұл ғылыми негізделген қажеттіліктің 59%-ын құрайды. Осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қосымша Үкімет резервінен тыңайтқыштарды субсидиялауға 48,4 млрд теңге бөлінді.

«Әкімдіктердің деректеріне сәйкес, бүгінгі күні 991 мың тонна тыңайтқышқа келісім-шарт жасалып, оның 841 мың тоннасы жөнелтілді», — деді Айдарбек Сапаров.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале