19.08.2022, 11:46
Оқылды: 41

Қазақстанда волонтерлік ұйымдардың саны 3 есе артты

Елімізде жыл санап волонтерлер мен қайырымдылықпен айналысатын ұйымдардың саны артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

3

«Қазір Қазақстанда волонтерлер қозғалысын жүйелі қолдау мақсатында көп жұмыс жүріп жатыр. Көмектесуге дайын адамдардың, яғни волонтерлердің құқығы қорғалуы да маңызды. Осыған дейін қабылданған шаралардың арқасында соңғы 3 жылда Қазақстанда белсенді волонтерлер саны 4 есе және волонтерлік ұйымдар саны 3 есе өсті. Іске асырылып жатқан жобалардың ауқымы ұлғайды. Волонтерлер үшін бірыңғай ақпараттық платформа жұмыс істейді», - деді Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев елордада өтіп жатқан Орталық Азия волонтерлер форумы барысында.

Сенат спикерінің мәлімдеуінше, елімізде волонтерлікті дамытуда Парламент айтулы үлес қосып жатыр.

«Өткен сессияда біз Қазақстан Республикасындағы аолонтерлік қызметті дамыту туралы заңға түзетулер енгізіп, қабылдадық. Заңдағы өзгерістер қазақстандықтарды игі істер жасауға ынталандыруға және волонтерлердің құқықтарын кеңейтуге бағытталған. Сондай-ақ, заңнамаға мемлекеттік қызметке кірер кезде волонтерлік еңбекті есепке алу туралы ереже енгізілді. Одан бөлек, волонтерлерді ынталандыру үшін мемлекеттік наградалармен марапаттау шарасы қабылданды. Сонымен қатар волонтерлік ұйымдарға коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі норма көзделген», - дейді ол.

Бұған дейін қыркүйекте елордада өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне 500-ден астам волонтер тартылатыны туралы хабарлаған едік.

Айта кетсек, Нұр-Сұлтанда Орталық Азия елдері волонтерлерінің форумы өтіп жатыр .

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале