28.03.2022, 11:38
Оқылды: 37

Қазақстанда халық үшін коммуналдық тарифтердің өсуіне мораторий қолдануда

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаменті Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес алдағы жарты жылға ТКШ қызметтерінің тарифтерін көтеруге мораторий енгізілгенін еске салады.

1551682265_article_b

«Коммуналдық қызметтердің тарифтері 2021 жылдың желтоқсан айының деңгейінде 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін болады», - делінген БҚО аумақтық ведомствосының хабарламасында.

Мораторий сумен жабдықтауға, су бұруға, жылу, газ және электрмен жабдықтауға қолданылады.

Департамент тұрғындар үшін тарифтерді сақтау бөлігінде тиісті жұмыстар жүргізілді.

Нәтижесінде «Батыс су арнасы» ЖШС-ның тарату желілері бойынша су беру және сарқынды суларды бұру және тазарту қызметтеріне тарифтер халық үшін 2021 жылғы желтоқсан деңгейінде қалды.

Сумен жабдықтау қызметтері үшін тарифтер 1 текше метрге ҚҚС-сыз 103,63 теңге көлемінде қалыптастырылды, оның ішінде:

  • халық үшін – 32,85 теңге.

Су бұру қызметтері үшін 1 текше метрге ҚҚС-сыз 129,47 теңге сомасында, оның ішінде:

  • халық үшін – 31,71 теңге.

Сол сияқты «Ақсайжылуқуат» мемлекеттік кәсіпорнының тұрғындарына арналған тарифтер де өзгеріссіз қалдырылды.

Сумен жабдықтау қызметтері үшін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 шілдеге дейін 1 текше метр ҚҚС-сыз 90,40 теңге, оның ішінде:

Халық үшін – 44,10 теңге.

Су бұру қызметтері үшін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 шілдеге дейін  1 текше метр ҚҚС-сыз 108,20 теңге, оның ішінде:

Халық үшін – 45,60 теңге.

Ауылдық округтерде сумен жабдықтау қызметтері үшін 2022 жылғы 1 қаңтардан 31 шілдеге дейін 1 текше метр ҚҚС-сыз 166,31 теңге, оның ішінде:

Халық үшін – 116,81 теңге.

Жылумен жабдықтау қызметтері үшін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 шілдеге дейін 1 Гкал ҚҚС-сыз 3 741,32 теңге, оның ішінде:

Халық үшін – 2 618,22 теңге.

Сондай-ақ, 2022 жылдың 1 наурызынан бастап газ бағасының төмендеуіне байланысты, «Жайықжылуқуат» АҚ-ның жылумен жабдықтау қызметтерінің тарифтері 0,76%-ға төмендетіліп, нәтижесінде тарифтер төмендегідей бекітілді, ҚҚС-сыз:

  • халық үшін – 1 Гкал үшін 3 540,51 теңге.

Тұтынылған қызметтер үшін түбіртектердегі есептеулермен келіспеген жағдайда, тұтынушылар, өз кезегінде, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін заңдылыққа тексеру үшін барлық растайтын құжаттарды (түбіртектерді) қоса бере отырып, БҚО бойынша ТМРКД-ға өтінішпен жүгінуге мүмкіндігі бар.

Департамент Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 177, 3 қабат, 306 кабинет мекенжайында орналасқан, анықтама телефоны: 8 (7112) 25-03-83.

«Монополистердің қызметіне тексеру жүргізу - табиғи монополиялар саласындағы өзінің үстем жағдайын теріс пайдаланатын субъектілерді жауапкершілікке тартудың алғашқы қадамы», - деп атап өтті ТМРК-ның БҚО бойынша аумақтық департаментінің басшысы Алмас Отаров.

Алмас Отаров,

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы

Суреттің дереккөзі: egemen.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале